Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасында тағы бір рекорд тіркелді

Опубликовано:

Де Лигт
Де Лигт пен Блинд. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Мюнхендік "Бавария" клубы Чемпиондар лигасының тарихында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті. "Бавария" өз алаңында париждік "ПСЖ" клубын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Қос команда арасындағы алғашқы ойында да мюнхендік ұжымның пайдасына аяқталған еді. Осылайша, "Бавария" Чемпиондар лигасының ширек финалына 21-рет жолдама алып отыр.

Бұл - турнир тарихындағы жаңа рекорд. 

Айта кетейік, "Бавария" футбол клубын неміс маманы Юлиан Нагельсманн жаттықтырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012277-cempiondar-ligasynda-tagy-bir-rekord-tirkeldi/

pixel