Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші қыз ресейлік қарсыласынан жеңісті жұлып алды

Опубликовано:

Гөзал Айнитдинова кортта
Гөзал Айнитдинова. Фото: ktf.kz

Астанада теннистен ITF World Tennis Tour "BeeTV 60 Women's" бәсекесі жалғасуда. Қазақстандық Гөзал Айнитдинова турнирдің екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды федерацияның ресми сайты.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен өткізді.

Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Гөзал тізгінді қолға алды - 6:1.

Үшінші, шешуші сетте Гөзал тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).

Айнитдинова ширек финалға шығу үшін әлемнің 136, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижимамен кездеседі.

Сондай-ақ, Жібек Құламбаева польшалық теннисшімен бірге жұптық сындағы жартылай финалға жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012292-qazaqstandyq-tennissi-qyz-reseilik-qarsylasynan-zenisti-zulyp-aldy/

pixel