Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин титулдан бас тартқаннан соң Әлімханұлы кубалық боксшыны жекпе-жекке шақырды

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBA белбеуінің иегері кубалық Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жәнібек Әлімханұлы отандасы Геннадий Головкин орта салмақтағы WBA титулынан бас тартқаннан кейін Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады.

"Мен болашақ чемпионның барлығына (WBA, IBF), жұдырықтасайық деп айтқым келеді. Лара, жекпе-жекке шығайық! WB0 титулының иегері мен WBA чемпионы. Сіздер білесіздер, менің мақсатым - орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіру. Ендеше уақыт келді деп ойлаймын", - деп жазды Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бүгін Геннадий Головкин WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартты.

Қазіргі уақытта қазақстандық боксшыда қорғауды қажет етпейтін және негізі белбеу ретінде есептелмейтін тек IBO титулы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2012453-golovkin-tituldan-bas-tartqannan-son-alimxanuly-kubalyq-bokssyny-zekpe-zekke-saqyrdy/

pixel