Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шорт-тректен әлем чемпионаты: Денис Никиша ширек финалға өтті

Опубликовано:

Денис Никиша жарыс кезінде
Денис Никиша. Фото: Сали Сабиров

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Денис Никиша ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы 500 метрге жүгірудің іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Төртінші топта ол мәреге бірінші келген.

Айта кетелік, Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогі кезеңінің жалпы есебінде топ жарған.

10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды.

Денистен бөлек, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек бар.

Қазақстан құрамасын бұрынғы спортшы Нұрберген Жұмағазиев баптап жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012491-sort-trekten-alem-cempionaty-denis-nikisa-sirek-finalga-otti/

pixel