Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатында жүлдеге қол созым жерден тоқтады

Опубликовано:

Денис Никиша жарыс кезінде
Денис Никиша. Фото: olympic.kz

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан шорт-тректен әлем біріншілігінде қазақстандық Денис Никиша төртінші орын иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

500 метрге жарысудан финалға шыққан Дениске қытайлық спортшы кедергі жасады. Төрешілер қытайлыққа ескерту беріп, жарыстан шығарғанымен, Никиша жүлдесіз қалды.

Ол мәре сызығын төртінші болып кескен. Алғашқы үш орынды Италия, Канада және Нидерланд спортшылары иеленді.

Айта кетелік, Денис Никиша 500 метрге жарысудан әлем кубогінің жалпы есебінде жеңімпаз атанған еді.

Алайда маусымның қорытынды турнирінен жүлде бұйырған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012531-denis-nikisa-sort-trekten-alem-cempionatynda-zuldege-qol-sozym-zerden-toqtady/

pixel