Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева бастаған бір топ шахматшы марапатталды

Опубликовано:

Шахмат
Фото: Қазақстанның шахмат федерациясы

Бүгін, 13 наурызда Алматы қаласында Қазақстанның шахмат қоғамдастығының үздік өкілдеріне KazChess Awards бірінші жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марапаттау тоғыз номинация бойынша өтті:

1. "Әйелдер арасында жыл спортшысы" - әйелдер арасында жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева.

2. "Ерлер арасында жыл спортшысы" - ерлер арасында блицтен Азия чемпионы Ринат Жұмабаев.

3. "Жыл көшбасшысы" - Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері Жансая Әбдімәлік.

4. "Жыл үздігі" - әйелдер арасында жылдам шахматтан вице-чемпионы Динара Сәдуақасова.

5. "Жыл жаңалығы" – 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы Нөгербек Қазыбек.

6. "Жыл үміті" - 14 жасқа дейінгі қыздар арасында жылдам шахматтан әлем чемпионы Зарина Нұрғалиева.

7. "Жыл ұйымдастырушысы" - Алматы облысы және Жетісу облысының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті Саят Егембердиев.

8. "Жыл бапкері" - Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері және Әлем, Азия және Қазақстан чемпиондарының және чемпионат жеңімпаздарының жетекшісі Ержан Шәкенов.

9. "Жыл судьясы" - Халықаралық класты судья Олег Ринас.

"Өткен маусым бойы біздің спортшылар жарыстарда керемет нәтиже көрсетті. Әрбір жеңістің артында ата-ана, бапкерлер штабы сіңірген және, сөзсіз, спортшылардың өздері атқарған қажымас еңбек жатыр. Сол үшін де біз шахмат қоғамдастығының үздік өкілдерінің сіңірген еңбектерін мойындау үшін осы марапатқа бастама жасадық. Біздің спортшыларымыз, сөзсіз, ең мықты спортшылардың бірі, олар өз жетістерімен Қазақстанның абыройын әлемдік аренада асқақтатуда, бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақты шахматпен айналысуға әрі бұдан да орасан зор жеңістерге қолжеткізуге ынталандырып, оларға нағыз үлгі болу. Бұл марапат – біздің елімізде шахматты дамыту мен қолдау бойынша ауқымды әрі кешенді жұмыстардың бір бөлігі, сол арқылы біз көрнекті споршыларымыздың арасынан әлі-ақ нағыз саңлақтарды тәрбиелеп шығарамыз", - деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.

Ол Астана қаласындағы 2023 жылғы 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін шахматтан алдағы ФИДЕ әлем чемпионатының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Тимур Турлов елордада өтетін әлемнің ең мықты шахматшыларының жарысы аталған спорт түрін елімізде танымал етуге ықпал етеді деп сенім білдірді. Өз кезегінде, ұлттық шахмат федерациясы биылға бірқатар нақты бастамаларды жоспарлар қойды, оның ішінде:

  • Қазақстанда шахмат секцияларының санын 14 мыңға дейін екі есе ұлғайту, мектепке дейінгі жарыстар, балалар кубогын, сондай-ақ мектеп, университет және тіпті корпоративтік лигалар өткізу;
  • сапалы инфрақұрылымды дамыту, оның аясында ҚШФ офистерін, Астана мен Алматы қалаларында заманауи шахмат мектебін ашу жоспарланған. Аталған объектілер дарынды жасөспірімдер, ұлттық құрама мүшелері, сондай-ақ әлемнің бүкіл жерінен келетін әйгілі қонақтар жиналатын орын болады деп күтіледі.
  • аса дарынды әрі болашағы зор шахматшыларға жан-жақты қолдау көрсету, оның ішінде 50 стипендия бөлу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012653-qazaqstannyn-uzdik-saxmatsylary-marapattaldy-foto/

pixel