Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы Испаниядағы Гран-приде жүлдегер атанды

Опубликовано:

гимнастика
Көрнекі фото: Спортты дамыту дирекциясы

Испанияның Марбелья қаласында өткен көркем гимнастикадан Гран-Приде Елжана Таниева доппен өнер көрсетіп, қола медальге қол жеткізді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Отандық спортшы финалдағы жаттығуы үшін 32,900 ұпайға ие болды.

Бұл сында алтын мен күміс медаль болгариялық спортшылар – Стиляна Николова мен Ева Брезалиеваға бұйырды.

Сонымен қатар Елжана Таниева шығыршықпен өнер көрсетудің финалында алтыншы, ал ұршықпен өнер көрсетуде 7-сатыдан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012659-qazaqstandyq-sportsy-ispaniyadagy-gran-pride-zuldeger-atandy/

pixel