Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мехикода өткен Олимпиаданың чемпионы 76 жасында қайтыс болды

Опубликовано:

спортшы
Ричард Фосбери. Фото: World Athletics

Биіктікке секіруден Олимпиада чемпионы америкалық Ричард Фосбери 76 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости спортшының агенті Рэй Шультеге сілтеме жасап.

Фосбери биіктікке секірудің заманауи әдісін ойлап тапқан спортшы болып саналады. Ол 1968 жылы Мехикода өткен Олимпиадада рекорд орнатып, чемпион атанды. Төртжылдықтың ірі додасынан кейін америкалық атлеттің "фосбери-флоп" әдісі дүниежүзінде кеңінен танылды және бүгінге дейін қолданылып жүр.

"Досым әрі клиентім Дик Фосберидің қатерлік ісіктен қайтыс болғанын хабарлаймын", - деп жазды Шульте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012810-mexikoda-otken-olimpiadanyn-cempiony-76-zasynda-qaitys-boldy/

pixel