Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді ешкім қуған жоқ": Бекзад Нұрдәулетовтің бапкері оның құрамаға келуіне қатысты не деді

Опубликовано:

Бекзад Нұрдәулетов
Фото: instagram.com/nurdauletovbekzad

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов араға бір жылдан аса уақыт салып, ұлттық құрама қатарына қосылды. Осыған байланысты команданың аға жаттықтырушысы Марат Жәкиев пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бекзадтың құрамаға оралуы туралы жеке бапкері бокс федерациясы ұйымдастырған пресс-тур кезінде өз ойын айтты.

"Токио Олимпиадасындағы сәтсіздік Бекзадқа қатты қиын соқты. Бапкері ретінде маған да оңай болған жоқ. Бекзат медаль алады деп барған жігіттердің бірі еді. Олимпиададағы жекпе-жегі тең дәрежеде өтті. Бірақ бір бас жоғары болып, жеңісті жұлып алмаған соң, қазір бірдеңе деп айтудың қажеті жоқ. Бапкер болған соң талай нәрсе басымыздан өтті. Сондықтан бұл кезеңнен өту ауыр болса да, қолымыздан келеді.

Ал бізді ешкім құрамадан қуған жоқ. Бірақ Токиодан кейін командаға ешкім шақырған да жоқ. Керексіз болып қалғандай сезімді бастан кештік. Нұрдәулетов кәсіби боксқа ауысып, сол жақта жекпе-жек өткізіп үлгерді. Қазір кәсіби боксшылардың әуесқойлар арасында да бақ сынайтын мүмкіндігі бар. Қазір командамен жаттығып, бір жарысқа барып үлгерді.

Бекзад Нұрдәулетов әлем чемпионатына қатыса ма? Мұның бәрі бір өзіне байланысты. Бәрі де дайындығы мен бабына байланысты. Өзім Бекзадтың кәсіби бокста жүре бергенін қалап едім. Алайда командаға қосылғысы келді", - дейді Жәкиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2012861-bizdi-eskim-qugan-zoq-bekzad-nurdauletovtin-bapkeri-onyn-quramaga-keluine-qatysty-ne-dedi/

pixel