Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Англия қақпасына гол соққан қазақ баласы 34 жасында үйленді

Опубликовано:

Жамбыл Көкеев
Жамбыл Көкеев. Фото: instagram/kukeev_10

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Жамбыл Көкеев шаңырақ көтерді. Бұл туралы Meta Ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жамбыл Көкеевтің үйлену тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен. Әзірге желіде футболшының жұбайы туралы еш ақпарат жоқ.

Жамбыл Көкеев 2020 жылы "Ақтөбе" сапында ойнап, содан соң үлкен футболмен қош айтысқан.

Ол біраз жылдар бойы Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады.

Көкеев 2010 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында "Уэмбли" стадионында өткен матчта Англия қақпасына гол соққан тұңғыш және жалғыз қазақ баласы.

Аталған матчта Қазақстан құрамасы 1:5 есебімен ұтылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012867-angliya-qaqpasyna-gol-soqqan-qazaq-balasy-34-zasynda-uilendi/

pixel