Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы өткен маусымдағы басты қарсыласынан ірі есеппен ұтылды (видео)

Опубликовано:

Астана футбол клубы
Фото: "Астана" футбол клубының Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы

Футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші турында "Астана" мен "Ақтөбе" кездесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Астана аренада" өткен ойында алаң иелері "Ақтөбе" футбол клубынан 1:4 есебімен ұтылды. Гол авторлары: Абзал Бейсебеков - Максим Самородов, Андрей Филипович (дубль), Абылайхан Жұмабек.

Осылайша, үшінші турдан "Ақтөбе", "Тобыл" және "Ордабасы" тоғыз ұпаймен көш бастап келеді. Ал "Астанада" алты ұпай бар.

Айта кетейік, өткен маусымда "Ақтөбе" футбол клубы Қазақстан біріншілігінде екінші орынға ие болған еді. Ал "Астана" чемпионаттың жеңімпазы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012903-astana-futbol-kluby-otken-mausymdagy-basty-qarsylasynan-iri-eseppen-utyldy/

pixel