Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық ойыншылар "Ордабасы" мен "Тобылға" жеңіс сыйлады (видео)

Опубликовано:

футбол
Фото: "Ордабасы" футбол клубының ресми сайты

Бүгін футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші турының бірнеше матчы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ордабасы" өз алаңында талдықорғандық "Жетісу" клубынан басым түсті. Есеп 2:0. Гол авторлары: Бобыр Абдихоликов, Шохбоз Умаров.

Сонымен қатар бүгін қостанайлық "Тобыл" қарағандылық "Шахтерден" 2:1 есебімен айласын асырды.

Гол авторлары: Игорь Сергеев (дубль) - Айдос Таттыбаев (он бір метрлік айып добынан).

Осылайша, шымкенттік және қостанайлық клубтар қатарынан үш ойында жеңіске жетіп отыр.

Қазіргі уақытта "Тобыл", "Ордабасы" және "Ақтөбе" тоғыз ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Айта кетейік, Бобыр Абдихоликов, Шохбоз Умаров және Игорь Сергеев Өзбекстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012906-ozbekstandyq-oiynsylar-ordabasyga-zenis-syilady-video/

pixel