Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн долларға бағаланған жарыстың ширек финалына шықты

Опубликовано:

теннис
Елена Рыбакина Индиан турнирінде. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Америка Құрама штаттарында өтіп жатқан Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің төртінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 66-сатыда тұрған ресейлік Варвара Грачевамен шеберлік байқасты.

1 cағат 21 минутқа жалғасқан матчта Елена Рыбакина қарсыласын еш қиындықсыз ұтты. Есеп: 6:3, 6:0.

Осылайша, қазақстандық спортшы Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алып отыр.

Енді Елена Рыбакина жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 76-ракеткасы, чехиялық Каролина Муховамен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2012936-rybakina-zulde-qory-88-mln-dollarga-bagalangan-zarystyn-sirek-finalyna-syqty/

pixel