Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір матчта бес гол соққан Холанд жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

Эрлинг Холанд
Эрлинг Холанд "Лейпцигке" қарсы матчта. Фото: Twitter/ UEFA Champions League

"Манчестер Сити" клубының шабуылшысы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд орнатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айта кетейік, түнде футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчтары өтті.

"Манчестер Ситидің" өз алаңында "Лейпциг" клубын қабылдап, 7:0 есебімен жеңіске жеткені белгілі. Аталған ойында Эрлинг Холанд бес гол соқты.

Бұл норвегиялық сұрмергеннің турнир тарихындағы 25 матчтағы 30-добы болып тіркеліп отыр. Осыған дейінгі рекорд Руд Ван Нистелройға тиесілі еді. Нидерланд шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы 30 голын 34 матчта соққан.

Сонымен қатар Эрлинг Холанд 30 гол соққан ең жас ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекордқа "ПСЖ" шабуылшысы Киллиан Мбаппе қол жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012937-bir-matcta-bes-gol-soqqan-xoland-zana-rekord-ornatty/

pixel