Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Әлем чемпионатының алдында Қазақстан құрамасының бас бапкері мәлімдеме жасады

Опубликовано:

боксшы
Назым Қызайбай. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан əйелдер құрамасы Делиде өтетін XIII Əлем чемпионатына оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Шешуші дайындық жұмысы Үндістан астанасында 6-14 наурыз аралығында өтті. Отандық спортшылармен бір залда жарыс қожайындары, Франция мен Оңтүстік Корея боксшылары болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас бапкер Шəміл Сафиуллин әлем біріншілігі алдында отандық боксшылардың дайындығы туралы сөз қозғады.

"Біздің құрама жақсы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Біз бастапқыда мұнда ерте келіп, ауа райына, тамағына бейімделгіміз келген. Мен үшін бұл екінші әлем чемпионаты. Мұнда барынша жүлделі орындарға ие болуға тырысамыз. Біздің спортшыларымыздың көбі әлем рейтингінде ондықта екенін атап өткім келеді. Атап айтар болсам, Алуа Балқыбекова өз салмағында көш бастап тұр. Ал Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова екінші орында. Негізгі қарсыластар – Үндістан, Қытай, Ресей және Өзбекстан боксшылары. Әйелдер боксында біз бұрын естімеген көптеген ел бар. Қазір бұл спорт, әсіресе, Африка құрлығында қарқынды дамып келеді", - деді Шəміл Сафиуллин.

Бірқатар ел жариялаған бойкотқа қарамастан, Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) алдағы бокстан әлем чемпионатына Халықаралық Олимпиада комитетінің мониторинг тобы келгенін хабарлады.

IBA сарапшылардың алдағы додаға арнайы қатысуы ұйымның (IBA) басқару реформасы мен қызметін бағалауға арналған мониторинг талаптарының бір бөлігі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен 3-рет өткізеді.

Алдағы күндері 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласпақ.

Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.

Бəсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2012989-bokstan-alem-cempionatynyn-aldynda-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-malimdeme-zasady/

pixel