Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы матчта футбол жанкүйерлері төбелес шығарған (видео)

Опубликовано:

Орталық стадиондағы жанкүйерлер
Орталық стадионда футбол клубтары арасында төбелес шықты. Фото: polisia.kz

Алматыдағы Орталық стадионда футбол матчтарының бірінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарап кетті. Осыған қатысты полиция түсініктеме берді.

Instagram желісіндегі "Ruh_Ultras" парақшасында Алматыдағы стадионда жанкүйерлердің төбелесіп жатқаны түсірілген видеолар жарияланды. Бейнежазбадан тәртіп сақшыларын да көруге болады.

Жазбаның сипаттамасында төбелестің "Қайрат" пен "Каспий" футбол клубтары арасындағы матч кезінде болғаны хабарланған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді,

"Алматы қалалық полиция департаменті орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлер, адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескендігін хабарлайды" - деді ІІМ жаңалықтары Телеграм каналында.

Сонымен қатар ведомство қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2012992-almatydagy-matcta-futbol-zankuierleri-tobeles-sygargan-video/

pixel