Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Польшамен өтетін матчқа қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Ярослава Шведова бастаған бапкерлер штабы әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина бастаған ойыншыларды таңдап алды.

Қазақстан намысын сондай-ақ әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева, жұптық сында рейтингте 25-орында тұрған Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова (жекелей сын, WTA, 333-ракетка), Жанель Рүстемова (жұптық сын, WTA, 973) қорғайды. Қосымша ойыншы - Аружан Сағындықова (жекелей сын, WTA, 968).

Бәсекелер 14-15 сәуірде Астанада Ұлттық теннис орталығында арнайы жасалған топырақ төсенішінде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013067-tennisten-polsamen-otetin-matcqa-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-anyqtaldy/

pixel