Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан барлық команда белгілі болды

Опубликовано:

Салах пен Винисиус
Салах пен Винисиус. Фото: Twitter/UEFA Champions League

Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалының барлық матчы аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Турнирдің ширек финалына соңғы болып "Реал Мадрид" пен "Наполи" жолдама алды.

Карольдік ұжым екі матчтың қорытындысы бойынша "Ливерпуль" клубын жарыс жолынан шығарса, "Наполи" Германия біріншілігінде өнер көрсететін "Айнтрахт" ұжымынан айласын асырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасының 1/4 финалына алты команда шығып қойған еді. Олардың қатарында "Челси", "Милан", "Манчестер Сити", "Интер", "Бенфика", "Бавария" бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013070-cempiondar-ligasy-sirek-finalga-syqqan-barlyq-komanda-belgili-boldy/

pixel