Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасының футболшысы маңызды матч алдында жарақат алып қалды

Опубликовано:

футбол
"Астана аренадағы" Қазақстан мен Беларусь матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

"Қайрат" футбол клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев жарақат алып қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Қайраттың" шабуылшысы Артур Шушеначев жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Оның орнын "Ақтөбе" командасында өнер көрсетіп жүрген Абылайхан Жұмабек басады", - делінген футбол федерациясының хабарламасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны бүгін, 16 наурызда Астана қаласында басталады.

Отандық футболшылар Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Словения (23 наурыз) және Дания (26 наурыз) командаларымен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013118-qazaqstan-quramasynyn-futbolsysy-manyzdy-matctar-aldynda-zaraqat-alyp-qaldy/

pixel