Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновқа Мәдениет және спорт министрінің қандай уәде бергені белгілі болды

Опубликовано:

министр мен спортшы
Асхат Оралов пен Шавкат. Фото: Instagram/askhat_oralov

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады. Бұл туралы министр Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі - Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым.

Сондай-ақ ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады.

Шавкат бүкіл әлемге Қазақстанды паш етті және осы қадамы үшін біз оған айрықша алғысымызды жеткіземіз. Оның UFC чемпиондық белбеуін жеңіп алуына тілектеспін, толағай табыс тілеймін", - деді Асхат Оралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2013145-savkat-raxmonovqa-madeniet-zane-sport-ministrinin-qandai-uade-bergeni-belgili-boldy/

pixel