Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккей сарапшысы Parimatch PRO HOKEI LIGASY 2023 плей-офф матчына болжам ұсынды

Опубликовано:

Константин Пушкарев
Фото: Parimatch

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалдық матчтары жанкүйерлерді күтпеген нәтижелермен және әсерге толы ойындармен таң қалдыруды жалғастыруда. Бүгін елордалық мұз айдынындағы төртінші ойында "Номад" пен "Сарыарқа" бас қосатын болады.

Parimatch сарапшысы Константин Пушкарев алдағы шайқасқа қатысты болжамын бөлісті.

"Номад" - "Сарыарқа"

Кешегі матчтың нәтижесі көптеген хоккей әуесқойын таң қалдырды. Қазақстанның тұрақты чемпионатының жеңімпазы, еліміздің қазіргі чемпионы, "Сарыарқа" хоккей клубы елордалық "Номадқа" 7:2 есебімен жеңілді. "Қырандардың" жеке статистикасында бұл көрсеткіш ағымдағы маусымның матчтарында ең көп өткізіп алған шайбалар саны болып тіркелді. "Көшпенділер" болса финалға шығу жарысында басып озып, үш ойында екі жеңіске жетті.

Қазіргі уақытта "Номад" қарсыласына қарағанда әлдеқайда белсендірек және жылдамырақ болып көрінеді. Көкшетаулық "Арланға" қарсы 1/4 финалда жеті матчтан тұратын серия елордалық командаға серпін алуға және сапалы ойын барысына кіруге көмектесті деп болжауға болады.

"Сарыарқа" үшін ойын жүргізу қиынырақ болып тұр. Дегенмен, "қырандардың" негізгі құрамында чемпиондыққа ие болган және лигада ұзақ уақыт бойы ойнап келе жатқан тәжірибелі хоккейшілер бар.

Константин Пушкаревтің айтуынша, алдағы матчтағы көшбасшылық "Номадқа" тиесілі. Алайда "Сарыарқа" тәжірибесінің, сондай-ақ өршіл жаттықтырушының стратегиясының арқасында сериядағы есеп теңестірілуі мүмкін, өйткені алда чемпиондық үшін күресті жалғастыру мәселесі тұр.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Номад" - 2.46, Тең ойын - 4.10, "Сарыарқа" - 2.23

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2013203-xokkei-sarapsysy-parimatch-pro-hokei-ligasy-2023-plei-off-matcyna-bolzam-usyndy/

pixel