Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

Опубликовано:

боксшы
Жазира Орақбаева. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстан құрамасы бокстан Әлем біріншілігін жеңістен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан Жазира Орақбаева тайпейлік Чан Чиа-Хсунмен қолғап түйістірді.

Бұрын кездесіп көрмеген былғары қолғап шеберлері бірінші раундты барлаумен өткізді.

Ал екінші раунда Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері қарсыласын соққының астына алды. Нәтижесінде екі нокдаун мен нокаут тіркелді. Осылайша отандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

"Бірінші жекпе-жегіміз сәтті өтті. Бізді дайындаған жаттықтырушыларымызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Біздің жанкүйерлеріміз әрқашан бізді қолдап жүреді. Әлем чемпионаты алғашқы болып бастағандықтан, аздап толқу болды, бірақ жеңіске жеткеніме қуаныштымын", - деді Жазира Орақбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістан астанасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын осымен 3-рет өткізеді.

Алдағы күндері 60 елден келген 300-ден астам таңдаулы спортшы жүлдеге таласпақ.

Чемпиондар Халықаралық бокс қауымдастығынан 100 мың, күміс медаль иегерлері 50 мың, қола 25 мың АҚШ долларын алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013234-alem-cempionaty-qazaqstandyq-bokssy-qarsylasyn-nokautqa-ziberdi/

pixel