Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару Әлем чемпионатында өзбек боксшысынан басым түсті

Опубликовано:

боксшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Делиде өтіп жатқан Әлем чемпионатының екінші жарыс күні қазақстандық ару Өзбекстан боксшысын жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Римма Волосенко алғашқы жекпе-жегінде екі дүркін Азия чемпионы, өзбекстандық Ситора Турдибекованы төрешілердің шешімімен ұтты. Есеп 4-1.

"Бәрі ойдағыдай болды, алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Әрине, бәрі өзім жəне бапкерлер ойлағандай болмады. Бірақ əлі жұмыс істеп, жинақталам. Барлық жанкүйерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын", - деді Римма Волосенко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013387-qazaqstandyq-aru-alem-cempionatynda-ozbek-bokssysynan-basym-tusti/

pixel