Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тарихи нәтиже": Елена Рыбакина АҚШ турнирінің жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Рыбакина
Рыбакина корттта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Америка Құрама Штаттарында өткен Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші турнирдің финалында әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен ойында Елена Рыбакина қарсыласын 7:6 (13:11), 6:4 есебімен ұтты.

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңімпазы атанған қазақстандық теннисші Соболенкодан Аустралия ашық чемпионатының ақтық мәресінде кеткен есені қайтарды.

Сондай-ақ Елена Рыбакина мансабында бірінші мәрте әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013553-tarixi-natize-elena-rybakina-aqs-turnirinin-zenimpazy-atandy/

pixel