Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Үндістандағы турнирдің алғашқы айналымында сүрінді

Опубликовано:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Делидегі əлем чемпионатының төртінші жарыс күні шаршы алаңға көтерілген Назым Қызайбай қарсыласына есе жіберді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі дүркін əлем чемпионы Назым Қызайбай Делидегі алғашқы кездесуінде Вьетнам өкілі Тхи Там Нгуенмен жұдырықтасты.

Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер жеңісті отандық боксшының қарсыласына берді.

Төртінші жарыс күні Қазақстан құрамасының тағы бір көшбасшысы Карина Ибрагимова жарыс жолына шықты. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандық спортшы колумбиялық Валериея Арболеда Мендосаны техникалық нокаутпен ұтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақ қызының Үндістандағы Әлем чемпионатында қарсыласын бірінші раундта 3 рет нокдаунға жібергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013561-eki-durkin-alem-cempiony-nazym-qyzaibai-undistandagy-turnirdin-algasqy-ainalymynda-surindi/

pixel