Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ турнирінің жеңімпазы атанған Рыбакинаны құттықтады

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: John Cordes/Icon Sportswire via Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі президенттің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!", - деді жазды мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Америка Құрама Штаттарында өткен Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013575-qasym-zomart-toqaev-aqs-turnirinin-zenimpazy-atangan-rybakinany-quttyqtady/

pixel