Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кездесеуді бір дәл соққымен аяқтауға болады": сарапшы Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегіне болжам жасады

Опубликовано:

бой Жанкоша Турарова
Фото: Parimatch Kazakhstan

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні бірінші жартылай орта салмақтағы IBO чемпионы Алехандро Менесеске қарсы жеңілістің не екенін білмейтін қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың қатысуымен ұмытылмас бокс кеші өтеді. Жекпе-жек өнерінің сарапшысы және өткізілетін шараның бас серіктесі Parimatch-тың амбассадоры Фараби Давлетчин алдағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін бөлісті.

Жанқош Тұраров

Біздің отандасымыз Жанқош Тұраровтың ерекшелігі - күшті нокаут соққысы. Оны "Тайсонның соққысы сияқты" деп айтуға болады. Статистика оның техникасының ерекшелігін айқын көрсетеді: өткізілген 25 жекпе-жектің 18-ін нокаутпен аяқтаған. Сондай-ақ Жанқоштың аяқпен керемет жұмыс істей алатынын және кардиосы күшті екенін атап өткім келеді.

Ол 2013 жылы Нельсон Лопестің жетекшілігімен жаттығу үшін Майамиге барған. Жанқош сол уақыттан бері көптеген жетістікке қол жеткізді, оның ішінде 2016 жылы Нью-Йорктегі жекпе-жектің бірінші раундында бразилиялық Жоаким Карнейроны нокаутқа жіберіп, NBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қанжығасына байлаған еді. Жанқош Тұраров 2019 жылы бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Inter-Сontinental-дың кіші атағы үшін кездесуде аргентиналық Мауро Максимилианоны жеңді. Бұл оның мансабындағы 25-ші жеңісі болды. Осы жеңістен кейін ол бірінші орта санаты бойынша WBO рейтингінде 8-ші орынға көтерілді.

Алехандро Менесес

El Tocino немесе "Бекон" лақап атымен танымал Менесес кәсіби спортшы ретінде 11 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Осы уақыт ішінде ол 16 рет жеңістің, 5 рет жеңілістің дәмін татқан. Боксшы мансап жолында биік шың мен құлдырауды да басынан өткерген. Бірақ, өткерген сәтсіздіктерге қарамастан, өткен жылы жеңіліп көрмеген Сэмюэль Максвеллдің белбеуін жеңіп алып, IBO чемпионы атанды. Маған мексикалық боксшылар ұнайды, өйткені олар мықты төзімділікпен ерекшеленеді. Оларды кейде біздің боксшыларға ұқсатамын.

Болжам

Тұраров пен Менесестің кездесуін талдай келе, жекпе-жектің әсерлі өтенініне сенімдімін. Мен біздің боксшы үшін шын жүректен жанкүйермін, өзінің әдеттегі тәсілімен жекпе-жекті ертерек, батыл нокаутпен аяқтағанын қалар едім. Алайда, Менесес қарапайым күрескер қатарынан емес екендігін ескерген жөн. Оның күшті кардиосы және ерік-жігері бар, оны титул үшін өткізген соңғы жекпе-жегінен байқауға болады. Менің ойымша, Менесестің қорғанысы әлсіздеу болып келеді, бұл біздің спортшымыз үшін тамаша мүмкіндік. Бір дәл соққы жасалса, кездесу мерзімінен бұрын жеңіспен аяқталады. Мен жеңісті боксшымыздың пайдасына 70/30 деп бағалар едім. Мен жекпе-жекті міндетті түрде тамашалап, қазақстандық бокс мектебі мексикалық спортшыны жеңеді деп үміт артамын!

Parimatch, Фараби Давлетчиннің ресми серіктесі, Тұраров - Менесес жекпе-жегіне келесі коэффициенттерді ұсынады:

Жанқош Тұраров - 1.08, тең нәтиже - 23.00, Алехандро Менесес - 7.00

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013660-kezdeseudi-bir-dal-soqqymen-ayaqtauga-bolady-sarapsy-zanqos-turarovtyn-aldagy-zekpe-zegine-bolzam-zasady/

pixel