Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Килиан Мбаппе футболдан Франция құрамасының капитаны болды

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

ПСЖ клубының шабуылшысы, әлемдегі қымбат ойыншылардың бірі - Килиан Мбаппе футболдан Франция құрамасының капитаны болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ L’Equipe басылымына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 24 жастағы ойыншы Уго Льористің ізбасары ретінде таңдаған.

Ал бұған дейін ұлттық құраманың капитаны болған 36 жастағы Уго Льорис 2022 жылғы Катарда өткен әлем чемпионатынан кейін құрамадағы мансабын аяқтауды жөн санаған.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе Франция құрамасының сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Содан бері ол 66 матч өткізіп, 36 гол соққан.

Сондай-ақ ПСЖ шабуылшысы өз командасымен бірге 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанса, былтыр Катарда күміс жүлдені қанжығасына байлаған еді.

Ал капитан ретіндегі алғашқы матчын Мбаппе 2 наурыз күні Нидерланды құрамасына қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013733-kilian-mbappe-futboldan-franciya-quramasynyn-kapitany-boldy/

pixel