Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Словенияға қарсы матч алдында пікір білдірді

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Словениямен болатын ойыны жайлы пікірін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

"Біріншіден барлықтарыңызды Наурыз мерекесімен және Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Жігіттердің ауыз бекітуіне еш қарсылығым жоқ. Құрамадағы жігіттердің ораза ұстағанын қалаймын. Қанша дегенмен алғашқы күні ағза тың болғандықтан қатты қиынға түседі деп ойламаймын", - деді бас бапкер.

Оның сөзінше, Словенияға қарсы ойынға арнайы тактика жасалған.

"Өздеріңіз білетіндей, бізде шабуылшыларға келгенде таңдау аса көп емес. Егер шабуыл шебінде ойнайтын футболшылар өз клубтарында қосалқы құрамда отырса, онда біз оларды неге шақырамыз. Мәселені шешу үшін жұмыс істейміз.  Басқа ойыншыларды реттеп, шабуыл әлеуетін арттырамыз. Бізде идеялар бар, көреміз. Ал ойынға келетін болсақ, Абат Айымбетов  кездесуді алғашқы минуттан бастайды", - деді Магомед Адиев.

Сонымен қатар бас бапкер соңғы матчта алаңға шықпаған футболшылар туралы сөз етті.

"Бізде ішкі чемпионатта ойнайтын ойыншылар жетерлік және олар біз қалағандай көп ойнай алмайды. Бірақ бұл тек біздің көзқарасымыз, дегенмен ең бастысы олар бәсекелестіктен жеңіліп қалуы мүмкін. Жағдай солай. Жарақатқа келетін болсақ, Быстровқа ота жасалды, оңалту болды, ол бәрін жеңді, бірақ ойынға уақыты жетпейді", - деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013800-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-bapkeri-sloveniyaga-qarsy-matc-aldynda-pikir-bildirdi/

pixel