Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қоржынына алты медаль түсті

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Үндістанда өтін жатқан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының алты боксшысы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай финалға Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін), Карина Ибрагимова (57 келіге дейін), Надежда Рябец (66 келіге дейін), Валентина Хальзова (75 келіге дейін), Фариза Шолтай (81 келіге дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) жолдама алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бокстан Әлем біріншілігінде алты жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, ширек финалда отандық үш боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Олар: Жайна Шекербекова, Римма Волосенко және Мадина Нұршаева.

Жартылай финал, бүгін 23 наурызда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013810-alem-cempionaty-qazaqstan-quramasynyn-qorzynyna-alty-medal-tusti/

pixel