Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы екі дүркін әлем чемпионын ұтып, финалға шықты

Опубликовано:

бокс
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Карина Ибрагимова жартылай финалда Тайбэй өкілі Линь Юйтинмен жұдырықтасты.

Тартысты жекпе-жек төрешілердің шешімімен отандық боксшының пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының өкілі Үндістанда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алып отыр.

Айта кетейік, Линь Юйтин 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионы және 2017 жылғы Азия біріншілігінің жеңімпазы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013835-qazaq-qyzy-eki-durkin-alem-cempionyn-utyp-finalga-syqty/

pixel