Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Тағы бір отандық боксшы финалға жолдама алды

Опубликовано:

боксшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстанда Үндістанда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Әлем біріншілігінде тағы бір отандық боксшы финалға шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Байрақты бәсекеде 81 келіден жоғарғы салмақта ел намысын қорғаған Лəззат Күнгейбаева жартылай финалда Әзербайжан өкілі Айнұр Рзаевамен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, ауыр салмақтағы отандық былғары қолғап шебері Әлем біріншілігінің алтын жүлдесіне таласуға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістандағы Әлем біріншілігінің финалына Карина Ибрагимова жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2013836-alem-cempionaty-tagy-bir-otandyq-bokssy-finalga-zoldama-aldy/

pixel