Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан ұтылып қалды

Опубликовано:

Бауыржан Исламхан
Бауыржан Исламхан. Фото: kff.kz

Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Словенияға қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Астана" аренада өткен ойында Словения құрамасы жеңіске жетті. Есеп 1:2. Қазақстан сапынан 23-минутта Максим Самородов есеп ашса, екінші таймның басында Словения ойыншысы Давид Брекало нәтижені теңестірді.

Ал ойынның аяқталуына 15 минут қалғанда қонақтардың шабуылшысы Жан Випотник Қазақстан құрамасының қақпасынан саңылау тапты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңін жеңіліспен бастап отыр.

Енді Магомед Адиевтің шәкірттері 26 наурыз күні елордада Даниямен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013837-futboldan-qazaqstan-quramasy-oz-alanynda-sloveniyadan-utylyp-qaldy/

pixel