Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рыбакина жүлде қоры шамамен 9 млн доллар болатын Майами турнирін жеңіспен бастады

Опубликовано:

теннисші
Елена Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тағы Майами турнирінің келесі айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші екінші айналымда Ресей өкілі, әлемдік рейтингте 64-орында тұрған Анна Калинскаямен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен кездесуде Елена Рыбакина қарсыласынан айласын асырды. Есеп: 7:5, 4:6, 6:3.

Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

Айта кетейік, Майами WTA 1000 турнирінің жүлде қоры 8,8 миллион долларды құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2013882-rybakina-zulde-qory-9-millionga-zuyq-dollardy-quraityn-maiami-turnirin-zenispen-bastady/

pixel