Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕУРО-2024: Айдын Қожахмет Қазақстан-Дания арасындағы матчқа қатысты болжам жасады

Опубликовано:

Айдын Қожахметтің Қазақстан-Дания арасындағы матчқа болжам жасады
Фото: Parimatch Kazakhstan

Дания нағыз фаворит ретінде, топтағы бірінші орыннан ЕУРО-ға шығуға ниетті, ал Қазақстан Словениядан тапқан жеңілісінен кейін, жағдайын оңалту үшін бар күшін салып, тер төгетіні анық. Жағдай алаң иелерінің пайдасына ыңғайланбаса да, "Астана Аренада" анда-санда ғажайыптар болып тұрады емес пе?

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы ойын кездесуіне қатысты өз болжамымен бөлісті.

Қазақстан

Магомед Адиевтің шәкірттері Ұлттар лигасында өз тобынан көш бастап шықты, енді команданың жанкүйерлері олардан жоғарғы нәтиже күтуде. Алайда бұл жолы топтағы қарсыластар әлдеқайда мықтырақ. Жойқын қуаты бар Данияның келуі - нағыз сынақ.

Өкінішке қарай, біздің команда Словениямен өткізген ойында өз артықшылығын сақтай алмады. Оған қоса, екінші тайм барысында команда қорғаушысы Марат Быстров жарақат алды, енді оның матчқа қатысуы екіталай. Алайда қамығуға еш себеп жоқ, өйткені Быстров уақытша алмастырған "Зениттің" қорғаушысы Нұралы Әліп команда қатарына қосылады. Адиев команда құрамында бірқатар алмастырулар жасап, ойынның алғашқы минуттарынан бастап команда көшбасшылары Бактиер Зайнутдинов пен Бауыржан Исламхан алаңға шығуы мүмкін.

Дания

Егер Словениямен матчтан кейін Максим Самородовтың есімі бүкіл Қазақстанға танымал болса, Дания – Финляндия матчынан кейін бүкіл Еуропа 20 жастағы Расмус Хойлунд жайлы айта бастады. "Аталантаның" 20 жастағы шабуылшысы хет-трик жасап, өз командасына жеңіс әкелді. Ол аты аңызға айналған, екі мыңның басында және ортасында "даттық динамит" голдарының көпшілігін соққан, Йон-Даль Томассонның ізбасары болуы мүмкін. Айтпақшы, Томассон 18 жыл бұрын Алматыда Қазақстан қақпасына да гол соққан болатын.

Бір сөзбен айтқанда, Астанаға құрамында мықты ойыншылары бар С тобының нағыз фаворит командасы келеді деп күтілуде. Алайда "Барселонаның" қорғаушысы Андреас Кристенсен финдермен өткізген матчтың бірінші таймында жарақатына байланысты қатардан шығып қалғандықтан, оны осы жолы конақтардың арасынан көре алмайсыз.

Жеке кездесулер тарихы

Қазақстан мен Дания бір топта осы сәтке дейін екі рет бас түйістірген екен. Алғаш рет бұл 2005 жылы болды. Копенгагенде алаң иелері 3:0 есебімен сенімді жеңіске жеткен, ал Алматыда өткен шайқас оларға қиынырақ өткен еді: Гравгаард пен Томассонның голдарына Александр Кучма дәл соққымен жауап берді.

Келесі екі матчтық дуэль салыстырмалы түрде жақында өткен: 2016 жылы Дания өз алаңындағы ойында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Алматыда өткен жауапты кездесуде де сәттілік скандинавиялықтар жағында болып, олар 1:3 есебімен басым түсті.

Матчқа болжам

Бұл қарсыластықты Самородов пен Хойлунд сияқты 20 жастағы вундеркиндтердің дуэлі болады деп айтқым келгенімен, Қазақстан командасы үшін менің болжамым көңіл көншітер емес: Дания 3 ұпай алып кетеді деген ықтималдық жоғары, өйткені оларды Астанада тастап кету олардың жоспарларына кірмейді-ау. Бірақ сенім мен оптимизмге үмітсіз өмір сүруге болмайды, әсіресе футбол жайлы айтатын болсақ. Сондықтан мен "иә - екі команда да гол соғады" деген ұтысқа тігемін. Parimatch-тегі достарым бұл оқиғаны 2.35 коэффициентімен бағалапты. Ал, кеттік!

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Қазақстан - 14.50, Тең ойын - 6.10, Дания - 1.25

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2013972-aidyn-qozaxmet-qazaqstan-daniya-arasyndagy-matcqa-qatysty-bolzam-zasady/

pixel