Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын балуандар белгілі болды

Опубликовано:

спорт
Фото: Халықаралық күрес федерациясы

7-14 сәуір аралығында Астанада өтетін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылар:

Эллада Махяддинова (50 келі),

Алтын Шағаева (53 келі),

Марина Седнева (55 келі),

Нилуфар Раймова (57 келі),

Диана Каюмова (59 келі),

Ирина Кузнецова (62 келі),

Альбина Қайыргельдинова (65 келі),

Елена Шалыгина (68 кг),

Жамила Бақбергенова (72 келі),

Эльмира Сыздықова (76 келі).

Айта кетейік, күрестен Азия чемпионаты Астана қаласында осымен 2-рет өтеді.

Алғаш рет елорда 2014 жылғы сәуірде сары құрлықтың таңдаулы бозкілем шеберлері сынға түскен. Сол кезде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 2 күміс пен 7 қола медельге қол жеткізіп, жалпы есепте Ираннан кейін 2-орын алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2013975-aziya-cempionatynda-qazaqstan-namysyn-qorgaityn-baluandar-belgili-boldy/

pixel