Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір қазақ баласы финалда жеңіліп, күмісті қанағат тұтты

Опубликовано:

Абылайхан Жұбаназар кезекті жеңістен соң
Абылайхан Жұбаназар. Фото: ijf.org

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық сында ол Австрия өкілі Уашид Борчашвилиге есе жіберді.

Бұл 23 жастағы Абылайхан Жұбаназардың ересектер арасындағы әлемдік турнирде жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Абылайхан Жұбазанар финалға дейін төрт кездесу өткізді. Жарысты екінші айналымнан бастаған ол іріктеу кезеңінде Канада және Польша спортшыларын жеңді.

Ширек финалда молдовалық Виктор Стерпуден басым түссе, жартылай финалда татами иесі, Грузия спортшысы Дмитрий Гочилидзені иппон ұпайымен ұтты.

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күнінде екі қола жүлде жеңіп алған болатын. Атап айтқанда, Абиба Абужақынова (48 кг) мен Мағжан Шамшадин (60 кг) ел қоржынына қос қола жүлде салды.

Тблиси татамиінде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam жарысы 26 наурызға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014046-tagy-bir-qazaq-balasy-finalda-zenilip-kumisti-qanagat-tutty/

pixel