Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ боксшысы Әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Опубликовано:

боксшы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны екінші күміспен толықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

81 келіден жоғарғы салмақта Ләззат Күнгейбаева күміс медаль иеленді. Ол финалда марокколық Марди Хадиджамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек төрешілердің шешішімен марокколық боксшының пайдасына аяқталды.

Осылайша, отандық спортшы Үндістанда өткен Әлем чемпионатында ел қоржынына екінші күміс жүлдені салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін байрақты бәсекенің финалында Карина Ибрагимова ұтылып, екінші орынды қанағат тұтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014095-kungeibaeva/

pixel