Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ болды": Қазақстанның бас бапкері бокстан Әлем чемпионатын қорытындылады

Опубликовано:

бокс
Әлем чемпионатының финалы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Жарыс қорытындысы бойынша отандық былғары қолғап шеберлері барлығы 6 жүлдеге қол жеткізді. Оның екеуі күміс және төртеуі қола. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз Үндістанға алтын медаль үшін келдік. Бірақ дегенімізге қол жеткізе алмадық. Сәл сәттілік жетіспеді. Бұл біз үшін сабақ болды. Келесі Қытайдағы Азия ойындары сынды маңызды жарыста мұнда кеткен қателіктерді қайталамаймыз. Бар шеберлігімізді көрсетуге тырысамыз", - деді Шәміл Сафиуллин.

Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков Әлем біріншілігіндегі отандық спортшылардың жетістігіне баға берді.

"Жалпы бұл нәтижеге көңілім толады. Құрамамыз 6 медаль жеңіп алды. Десе де әлі тынбай жұмыс істеуіміз керек. Алда Азия ойындары келе жатыр. Ол сында біздің боксшылар барынша көбірек Олимпиада жолдамасына қол жеткізуі қажет", - деді Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014135-sabaq-boldy-bas-bapker-undistanda-otken-bokstan-alem-cempionatyn-qorytyndylady/

pixel