Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина 14 отандық жас теннисшіге 2,5 млн теңгеден үлестірді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина жас теннисшілердің ортасында. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болашағынан үміт күттіретін отандық теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін Елена Рыбакина сыйақысының бір бөлігін қайырымдылыққа және Қазақстандағы жастарды қолдауға жұмсайтынын жеткізген еді.

"Турнир ұйымдастыру немесе жас ойыншылар үшін грант белгілеу дұрыс бола ма деп ойлаймын, өйткені өзім де кезінде Қазақстаннан үлкен қолдау алдым. Енді жас ұрпақтың дамуына менің көмек көрсететін кезегім келді", - деген еді Рыбакина Уимблдондағы жеңісінен кейін.

Федерация мәліметінше, жақында Қазақстанның бірінші ракеткасы Астанада қаңғыбас жануарларды құтқарумен айналысатын "СтопОтлов" еріктілер қозғалысына қаржы аударған. 

Сонымен қатар ол болашағынан үміт күттіретін 14 отандық жас теннисшіге 2,5 млн-нан ақша үлестірді.

Белгілі болғандай. Рыбакина кімге қолдау көрсету керектігін өзі таңдаған.

Олардың қатарында Линара Бөлешева, Полина Барабанова, Әмина Нұрмахан, Ариана Гогулина, Сәтима Төреген, Ева Корышева, Альбина Кәкенова, Аружан Арыстанбекова, Дана Байдәулет, Іңкәр Дүйсебай, Айя Нұпбай, Полина Слепцова, Сандуғаш Кенжебаева, Зара Дәркен бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014174-elena-rybakina-14-otandyq-zas-tennissige-25-mln-nan-aqsa-ulestirdi/

pixel