Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондондық "Челси" клубы алғаш рет жасыл алаңда мұсылмандарға ауызашар берді

Опубликовано:

"Челси" клубы ұйымдастырған ауызашар
"Челси" клубы ұйымдастырған ауызашар. Фото: chelseafc.com

Лондондық "Челси" футбол клубы мұсылмандарға арнап ауызашар берді. Клуб басшылығы ауызашарды жергілікті "Стэмфорд Бридж" стадионында ұйымдастырған, деп жазады клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауызашар алғаш рет ағылшын премьер-лигасы тарихында стадионның жасыл алаңында өтіп отыр. Клубтың ресми алаңы "Стэмфорд Бриджде" мұсылмандар ауыз ашу рәсіміне қатысты.

Ауызашарға жиналған мұсылман жұрт өзара әңгіме-дүкен құрып, қасиетті ай туралы шүйіркелесті.

"Біз әрбір жанкүйердің қуанышын бөліскіміз келеді. Бұл ерекше оқиға. "Челси" ашық түрде ауызашар өткізген Премьер-лигадағы алғашқы клуб атанды", - деді лорд Даниеэль Финкельштейн.

Ауызашарға ислам ұйымдарының өкілдері де қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014243-londondyq-celsi-kluby-algas-ret-zasyl-alanda-musylmandarga-auyzasar-berdi/

pixel