Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұйқыдан тұрмаған": Ресейлік әлем чемпионының ажал құшуына не себеп болды

Опубликовано:

Павел Кротов
Павел Кротов. Фото: Ресей фристайл федерациясы

Фристайлдан 2021 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Павел Кротовтың неден қайтыс болғаны анықталды. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетелік, 30 жастағы спортшы ұйқыдан кейін оянбаған. Жарақатына байланысты биылғы маусымнан сырт қалған Кротовтың ажалына миына қан құйылуы себеп болды. Бұл туралы Ресей құрамасының бапкері Александр Понгильский мәлімдеді.

"Спортшының ажалына не себеп болғаны анықталды. Ол ұйықтаған түні мидағы тамырлардың бірі жарылып, миға қан құйылған", - деді бапкер.

Әлем чемпионы 25 наурыз күні өмірден өтті. Ертең оны туыстары мәңгілік мекеніне шығарып салады.

Крото командалық акробатикадан әлем чемпионы әрі әлем кубогі кезеңдерінің жүлдегері саналады.

Ол екі Олимпиадада бақ сынаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014246-uiqydan-turmagan-reseilik-alem-cempionynyn-zastai-azal-qusuyna-ne-sebep-boldy/

pixel