Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы да Сметов жоқ": Дзюдодан Түркиядағы беделді жарысқа кімдер қатысады

Опубликовано:

Елдос Сметов қола медальмен
Елдос Сметов. Фото: Жеңіс Ысқабай / Қазақстан ҰОК

Дзюдодан 31 наурыз және 1 сәуір аралығында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар тізімі анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Анталияда өтетін Grand Slam жарысына қатысатын спортшылар тізімін қос команданың бас бапкерлері жариялады.

Түркияда төмендегі спортшылар ел намысын қорғайды:

Әйелдер: Ғалия Тынбаева (48 кг), Бақыт Құсақбаева (57 кг), Анастасия Маякова (70 кг), Роза Нысантайқызы (70 кг), Камила Берліқаш (+78 кг).

Ерлер: Нұрқанат Серікбаев (60 кг), Шерзод Давлатов (60 кг), Есет Қуанов (66 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Дархан Қойбағаров (73 кг), Руслан Мұсаев (81 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Дидар Хамза (90 кг), Айдар Арапов (90 кг), Бекарыс Сәдуақас (-100 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг), Әділ Оразбаев (+100 кг).

Айта кетелік, Түркияға аттанатын дзюдошылардың көпшілігі Тбилисидегі турнирге де қатысқан. Ал команда үздігі Елдос Сметов жарақатына байланысты биылғы маусымда бірде бір жарысқа барған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2014414-tagy-da-smetov-zoq-dzyudodan-turkiyadagy-bedeldi-zarysqa-kimder-qatysady/

pixel