Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының споршысы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды

Опубликовано:

Ерасыл Сәулебеков
Ерасыл Сәулебеков. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Албанияда ауыр атлетикадан жастар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық спортшысы Ерасыл Сәулебеков алтыннан алқа тағып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Ерасыл Сәулебеков 2006 жылы 26 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.

Ерасыл Сәулебеков
Ерасыл Сәулебеков. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі
  • 2013 жылы № 121 қазақ орта мектебіне қабылданып, қазіргі таңда Түркістан қаласы "Жалын" колледжінің "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 2 курс студенті;
  • Ауыр атлетика спортындағы мансабын 6 жасында № 15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің ауыр атлетика бөлімшесінің жаттықтыруышысы Ералиев Айдар Қойшыбекұлының тобына қабылданған.
  • 2020 жылдың 30 қыркүйегіндегі № 253 бұйрық негізіндегі ауыр атлетикадан "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағын иеленді.
  • 2015 жылы кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында І орын;
  • 2016, 2017, 2018, 2019, 2020, жылдары жасөспірімдер арасындағы түрлі Қазақстан Республикасы чемпионатында І орынға ие болды.
  • 2021 жылы 17 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасы чемпинаты І орын;
  • 2022 жылы жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатында І орын;
  • 2022 жылы ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі

І орын;

  • Мексика мемлекеті Леон қаласында өткен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 67 келі салмақ дәрежесінде І орын;
  • Албания мемлекеті Дюрес қаласында өткен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатында 73 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014419-qyzylorda-oblysynyn-sporsysy-auyr-atletikadan-alem-cempionatynda-zenimpaz-atandy/

pixel