Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда дзюдодан Азия Кубогының қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

дзюдо
Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясы

Алматы қаласында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Байрақты бәсеке 7-9 сәуірде "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында өтеді.

Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарысқа 2006-2007 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер мен 2003-2005 жылдары туған татами шеберлері қатысады.

IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингте ұпай қосылады.

Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі.

Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған Азия Кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түркіменстан, Греция, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Бекет Сапабекұлы Махмұтов – 2009-2012 жылдар аралығындағы Қазақстан дзюдо федерациясының президенті. Сондай-ақ ол Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.

Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2014421-almatyda-dzyudodan-aziya-kubogynyn-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel