Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Шавкат Рахмоновқа шапан жауып, ат мінгізді (видео)

Опубликовано:

спортшыға құрмет көрсетілді
Шавкат Рахмоновқа шауап жауып, ат мінгізді. Фото: Instagram/aliba_myrza_attari

UFC лигасында өнер көрсететін аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа ел тұрғындары шапан жауып, ат мінгізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео Instagram әлеуметтік желісіндегі aliba_myrza_attari парақшасында жарияланды.

Кадрдан Шавкат Рахмоновқа ел тұрғындарының шапан жауып, ат мінгізіп, құрмет көрсетіп жатқанын аңғару қиын емес.

"Қазақтың батыры Шавкат Рахмоновқа Алиба мырза (Астана қаласы бойынша ат спорты федерациясының президенті Әлібек Мұқатаев - ред.) ат сыйлады. Осылай спортта және өнерде жүрген жерлестерімізді қолдап жүрейік", - делінген видео мәтінінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдағанын жазған едік.

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. 

Жарыста отандық спортшы америкалық Джефф Нилді қылқындыру әдісімен ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2014461-qazaqstandyqtar-savkat-raxmonovqa-sapan-zauyp-at-mingizdi-video/

pixel