Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" футбол клубы құрамында өзгеріс болғанын хабарлады (видео)

Опубликовано:

«Астана Арена»
Фото: Wikipedia

"Астана»"футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Игор Ивановичпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Игор Иванович – "Астананың" жаңа ойыншысы. Игор мансабын сербиялық "Ягодина" сапында бастады, бірақ танымалдыққа Беларусь чемпионатында ие болды.

Ол солигорсктік "Шахтер" клубында 88 матч өткізіп, 17 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді.

Негізінен оң қанаттағы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды.

Кеншілермен бірге ол үш дүркін чемпион атанып, Суперкубокқа қол жеткізді.

Футболшы елордалық клуб сапында 30 нөмірмен өнер көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014716-astana-futbol-kluby-quramynda-ozgeris-bolganyn-xabarlady-video/

pixel