Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік рейтингте 7-орында тұрған отандық боксшы 15-сәуірде жекпе-жек өткізетінін хабарлады

Опубликовано:

Мейірім Нұрсұлтанов
Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңда. Фото: David Spagnolo/Main Events

Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі жекпе-жегі келесі айда өтетін болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, жекпе-жек Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтеді.

"Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Жақсы жаңалығыммен бөлісіп қояйын! Бұйырса 15-сәуірде кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегімді өткіземін. Қарсыласым - Жапония елінің боксшысы Кадзуто Такесато", - деді Мейірім Нұрсұлтанов.

Еске сала кетейік, бұған дейін мамыр айында Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға қайта оралатынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2014723-alemdik-reitingte-7-orynda-turgan-otandyq-bokssy-15-sauirde-zekpe-zek-otkizetinin-xabarlady/

pixel