Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемнің үшінші ракеткасын қиындықсыз ұтқан Рыбакина АҚШ-тағы беделдің турнирдің финалына шықты

Опубликовано:

теннисші
Елена Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші жартылай финалда АҚШ өкілі, әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Матч жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылып, қайта жалғасты. Нәтижесінде Елена Рыбакина қарсыласынан 7:6, 6:4 есебімен басым түсті.

Бұл – Қазақстанның бірінші ракеткасының қатарынан он үшінші жеңісі. 

Осылайша, Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014837-alemnin-usinsi-raketkasyn-qiyndyqsyz-utqan-rybakina-aqs-tagy-bedeldin-turnirdin-finalyna-syqty/

pixel