Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатарынан 13 матчта жеңіске жеткен Елена Рыбакина жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

US Open турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
Елена Рыбакина. Фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина жаңа рекорд орнатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық теннисші Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің үшінші ракеткасынан басым түсті.

Осылайша, Елена Рыбакина қатарынан он үшінші жеңісіне қол жеткізіп, WTA турниріндегі жеке рекордын тіркеп отыр.

Енді Қазақстанның бірінші ракеткасы жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған мастерс додасының ақтық мәресінде бас жүлде үшін әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыда тұрған Румыния өкілі Сорана Кырстяның біреуімен ойнайды.

Айта кетейік, Майами WTA 1000 турнирінің жартылай финалында Елена Рыбакина Джессика Пегуладан басым түсті.

Осылайша, отандық теннисші беделді жарыстың ақтық мәресіне шыққаны үшін 662 360 доллар мен 650 рейтингтік ұпайға ие болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2014853-qatarynan-13-matcta-zeniske-zetken-elena-rybakina-zana-rekord-ornatty/

pixel